Алматыда техника қоймасына үш адам қарақшылық шабуыл жасады. Күдіктілер Жамбыл облысынан ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш ер адам қойма күзетшісін жабылып ұрып-соққан. Ол аздай, қару-жарақпен қоқан-лоққы көрсетіп, компьютерлік техниканы, ірі сомадағы видеокарталарды тартып алып, ізін суытқан. Осы факті бойынша жедел-іздестіру тобы құрылды. Жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер Шу қаласында ұсталды. Олар Шу арқылы пойызбен Нұр-Сұлтан қаласына кетпек болған.
«Олжаның бір бөлігі өздерінде болды. Ұрлаған заттардың негізгі бөлігін елордаға жіберген. Тауарлар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Процессуалдық әрекеттерден кейін видеокарталар иесіне қайтарылатын болады», – делінген хабарламада.Тағы оқи отырыңыз: Атырауда көшеде жыныстық қатынасқа түскен жұп ұсталды