Майк Тайсон ұшақта жолаушыны жұдырықтың астына алды (ВИДЕО)

Майк Тайсон ұшақта жолаушыны жұдырықтың астына алды (ВИДЕО)

Майк Тайсон ұшақта жолаушыны жұдырықтың астына алды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әйгілі боксшы Майк Тайсон Сан-Францискодан Флоридаға ұшып бара жатқан сапарында ұшақтағы жолаушыны соққының астына алды деп жазды turkystan.kz TMZ SPORTS порталына сілтеме жасап. Спорттық арнаның мәліметінше, ер адам өзінің ерсі қылықтарымен боксшының ызасына тиіп қоймаған. Куәгерлердің айтуынша, ұшаққа мінер алдында Тайсон жанкүйерлерімен бірге суретке түскен. Олардың бірі 55 жастағы боксшымен сөйлесуге тырысып, артынан ілесіп қалмай қояды. Тайсон оған бірнеше рет ескерту жасайды. Алайда миллиондаған адамдардың кумиры болған әйгілі спортшының мазасын алудан танбаған жанкүйер өзін әдепсіз, тіпті дөрекі ұстаған. Бұл атақты спортшының жүйкесіне тиіп, ақыры ол артында отырған көршісіне бірнеше рет жұдырық жұмсайды. Видеода зардап шеккен адамның шекесінің қанағаны да көрінеді. Оған медициналық көмек көрсетілді. Таяқ жеген адам полицияға арызданды. Бұған дейін атақты боксшы бірнеше рет рингтен тыс адамдарға қол жұмсап, арты дау-дамайға ұласуымен көзге түскен.