AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді

Бүгін AMANAT партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съездін шақыру туралы шешім қабылдады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

«Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп, дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда» деп жазды Асхат Оралов әлеуметтік желіде.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button