Трамп өзіне тиісті барлық акциясын сатып жіберді

Трамп өзіне тиісті барлық акциясын сатып жіберді

Трамп өзіне тиісті барлық акциясын сатып жіберді
ашық дереккөзі
2017 жылдан бастап Ақ үй тағына отыратын президент Дональд Трамп биыл шілде айында республикалық партия атынан сайлауға түсіп жатқанда түрлі компаниялардағы өзіне тиесілі акцияларын сатып жіберген екен. Соның ішінде банктер мен мұнай компанияларындағы үлесі де бар. The Washington Post басылымының хабарлауынша, оның бар байлығы 4,5 млрд долларға бағаланған.  Президенттің баспасөз хатшысы Джейсон Миллер Трамп өз акцияларын кімдерге және қаншаға сатып жібергені туралы айтуға асықпайды. АҚШ заңы бойынша, миллиардер бұл сауда туралы 2018 жылдың мамыр айына дейін ешкімге тіс жармауға да құқылы. Басылымның мәліметінше, Трамптың президенттің қызметіне бизнестің кедергі келтірмеуі үшін әдейі барлық акциялары сатылған екен. Айта кетейік, бүгін ғана Трамптың Boeing компаниясынан 4 млрд долларға қызметтік ұшақ сатып алудан бас тартқаны хабарланған еді. Ал өткен шілдеге дейін Трамптың осы компанияда 50-100 мың долларлық үлесі болған екен. Трамп сайлауалды науқанға бюджеттен өзіне тиесілі қаражаттан бөлек тағы 66 млн долларды өз қалтасынан шығарған екен.