Алматыда сот қызметкері парамен ұсталды

Алматыда сот қызметкері парамен ұсталды

Алматыда сот қызметкері парамен ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Алматы қалалық сотының Facebook-тегі парақшасына сот қызметкерінің осыдан екі күн бұрын тұтқындалғаны туралы ақпарат жарияланды.
«Осы жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жоғары соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 аудандық сотының қызметкерін ұстады. Мемлекеттік қызметкер пара алды деген күдікке ілінді», – делінген хабарламада.
Бұған қоса, қалалық сот қазір аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын атап өтті.
«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды» деп жазды соттың баспасөз қызметі.