Баян Алагөзова бизнесін тартып алғандардың есімін атады (ВИДЕО)

Баян Алагөзова бизнесін тартып алғандардың есімін атады (ВИДЕО)

Баян Алагөзова бизнесін тартып алғандардың есімін атады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Белгілі продюсер Баян Алагөзова Galanz Bottlers компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған адамдар мен олардың сыбайластарының аты-жөнін атады. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бейнежазба жариялады деп жазды turkystan.kz.
«Тергеу жүргізіліп жатқанына қарамастан, атақты кланға жақын адамдар заңсыз құжаттарды жасап, оларды тіркеуді жалғастыруда. Өткен аптада олар мекемеге баса-көктеп кіріп, төбелес шығарды. Қызметкерлерді қуып, кассаны басып алмақ болды. 17 наурызда тұтқындау мен қамауға алудан кейін олар айғақтарды жасыру және сатылымды тоқтату үшін бүкіл мәліметтер базасын жойды», – деп мәлімдеді Баян Мақсатқызы.
Ары қарай, ол жекелеген адамдардың есімдерін атап, олардың жалпы ел экономикасына да, Galanz Bottlers компаниясының әрбір жеке қызметкеріне де қауіп төндіретінін айтты.
«Басты арандатушылардың аты-жөнін айтайын:
  • Айдархан Бектібаев – бұрынғы қауіпсіздік қызметінің басшысы;
  • Талғат Майлыбаев – директорлар кеңесінің «тәуелсіз» директоры;
  • Светлана Недопрядченко – басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары;
  • Эльдар Акчурин – басқарманың бұрынғы төрағасы.  Сондай-ақ, заңсыз құжаттарға қол қойған тағы 14 адам бар», - деді Баян Алагөзова.
Танымал продюсер тергеудің аяқталуы мен сотты күткенін, бірақ содырлардың заңсыз әрекеттері тоқтамаса, фото және бейне дәлелдемелерді ұсына отырып, үлкен баспасөз мәслихатын беруге дайын екендігін айтты.
«Бұл адамдар заңсыздыққа мақсатты түрде барады. Олар Президенттің адал әрі ашық кәсіпкерлік туралы нұсқауларын қасақана бұзып отыр. Сонысымен өздерінің жазасыздығын көрсеткісі келеді. Бұл – мемлекеттік саясаттың беделін түсіру және әдейі жасалған қоғамдық заңсыздық. Олар жұртшылыққа елімізді құқықтық емес, содырлар мемлекеті етіп көрсеткісі келеді», – деді Алагөзова.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Bayan Sulu Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)