Беларусь елінен Қазақстанға ұшатын рейстер саны көбейеді

Беларусь елінен Қазақстанға ұшатын рейстер саны көбейеді

Беларусь елінен Қазақстанға ұшатын рейстер саны көбейеді
ашық дереккөзі
Минскіден Қазақстанның екі қаласына ұшатын рейстер саны артады деп хабарлады turkystan.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«​29 сәуірден бастап Беларусьтің «Белавиа» авиакомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын көбейтеді. Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарланып отыр. Осылайша, екі ел арасында аптасына 14 рейс орындалады» деп жазылған хабарламада.