Қызылордада есірткі өндіретін жасырын цех анықталды

Қызылордада есірткі өндіретін жасырын цех анықталды

Қызылордада есірткі өндіретін жасырын цех анықталды
ашық дереккөзі
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызылордалық әріптестерімен бірлесіп синтетика өндіретін есірткі зертханасын анықтады деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел ақпаратты тексеру барысында қылмыстық өндірісте күдікті болған жергілікті тұрғынға бақылау жүргізіле бастаған. «Күдіктінің пәтерін тінту кезінде есірткіні өндіру фактісін дәлелдейтін есірткі заттарының қалдықтары бар ыдыс-аяқ, электронды таразылар, бояғыштар, жеке қорғаныс құралдары табылды. Оның телефонының ішіндегі ақпаратты зерттегеннен кейін полиция қызметкерлері есірткі жасырылған 13 жерді анықтады. Ішінде синтетикалық есірткісі бар 21 түйір тәркіленді», - дейді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев. Ол бұл есірткілерді мессенджерлер арқылы сатқан, төлемді ақша ағындарын бақылау қиын болу үшін криптовалютамен алып отырған.