Алтай қаласында қоқыс полигонының өртеніп жатқанына 6 күн болды

Алтай қаласында қоқыс полигонының өртеніп жатқанына 6 күн болды

Алтай қаласында қоқыс полигонының өртеніп жатқанына 6 күн болды
ашық дереккөзі
ШҚО-дағы Алтай қаласының өрт сөндірушілері 6 күн бойы тілсіз жаумен күресіп келеді деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің аумағы әлі күнге дейін анықталған жоқ. Қызыл жалын тұрмыстық қалдықтар үйілген аумаққа таралып жатыр. Жалынмен күресуге қатты жел кедергі келтіруде екен. Төтенше жағдайлар қызметі ауыр техниканы да жұмылдырған.
«Өрттің басталғанына бірнеше күн болды. Осы уақыт аралығында күш құрылымдарымыздың барлығын жұмылдырдық. «Адал тәртіп» кәсіпорнының техникасы су тасымалдап, өртпен күресуде. Қатты жел тұрғандықтан, тілсіз жаумен күрес шаралары күрделене түсті», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.