Бағдат Мусин мұсылмандық стартап туралы айтып берді

Бағдат Мусин мұсылмандық стартап туралы айтып берді

Бағдат Мусин мұсылмандық стартап туралы айтып берді
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ең жиі қолданылатын қазақстандықтар жасаған қосымша жайлы жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Қасиетті жұма күні бір мұсылмандық стартап туралы айтып кетейін. Бізде смартфондар үшін жасалған қазақстандық қосымшалардың (AppStore, Google play-дағы) ішінен ең жиі қолданылатыны Kaspi.kz шығар. Ол барлығыңызға мәлім. Бірақ сол үздіктердің қатарында күніне 1 млн адам кіретін бір қосымшаны осы Рамазан айында ерекше атап өткім келеді, ол - Sajda қосымшасы. Оның ішінде намаз оқу уақытын, құбыла компасын және басқа да мұсылмандық практиканы оңайлатуға бағытталған сервистер бар. Қолданушылардың көбі, әрине, Қазақстаннан, бірақ дүние жүзінің басқа қалаларынан да қолданып жатқандар бар. Мысалы, Индонезиядан, Европа қалаларынан Sajda қосымшасын жүктеп, қолданып жатқан адамдар бар» деп жазды министр.
Оның айтуынша, 1 млн күнделікті қолданыс - стартаптар әлемінде өте жақсы көрсеткіш.
«Қазақстанның өзінде бұл көрсеткішке жеткендер шамалы ғана. Көп ұзамай, қолданушылар саны 10-100 миллионға дейін жетсін деп тілеймін, Алмас пен басқа топ мүшелеріне! Осындай көрсеткіштер болған кезде сіздерге мұсылмандарға арналған тауарлардың маркетплейсіне айналдыру бойынша көп ұсыныс түсіп, тез арада құны 1 миллиардтық компаниялардың қатарына қосылуларыңызға тілектеспін!» деп қорытындылаған министр әлеуметтік желідегі жазбасын.