Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды (ВИДЕО)

Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды (ВИДЕО)

Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды деп хабарлады turkystan.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Миялы ауылының батысында жер бедері биіктетіліп, қорғаныс бөгеттері күшейтілген.

Ойыл өзенінің тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. Бұл жайында өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.

Қазір қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден астам топырақ толтырылған қаптар қойылды. Оқиға орнында 3 ауыр техника (2 КАМАЗ, 1 погрузчик), 70-тен аса ауыл жастарынан топтасқан еріктілер жүр. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қаупі бар аймақтарда күшейтілген кезекшілікте тұр. Кеше ауылдағы үйлерді су басудың алдын алу үшін «Миялы-Қарабау-Индер» автожолын жыру туралы шешім қабылданды. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Akimat_Atyrau (@akimat_atyrau)