Қызылорда полициясының бұрынғы бастығы сотталды

Қызылорда полициясының бұрынғы бастығы сотталды

Қызылорда полициясының бұрынғы бастығы сотталды
ашық дереккөзі
Қызылорда қалалық полициясының бұрынғы бастығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралды деп хабарлады turkystan.kz №2 қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сотта прокурор экс-офицерге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал адвокат оны ақтауды талап етті. Сот Қызылорда Полиция басқармасының бұрынғы басшысын Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша  («Бопсалау арқылы пара алу») қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сондай-ақ, сот шешіміне сәйкес, ол подполковник атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды. Тағы оқи отырыңыз: Алматының әуежайын тастап кеткен полицияның бастығы ұсталды