Қазақстан қыздар құрамасы жеңілістен көз ашпай келеді

Қазақстан қыздар құрамасы жеңілістен көз ашпай келеді

Қазақстан қыздар құрамасы жеңілістен көз ашпай келеді
ашық дереккөзі
Елордада әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтті деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы Уэльс құрамасымен ойнады. Бұрымды футболшыларымыз 0:3 есебімен есе жіберді. Уэльс құрамасында голдарды Кейли Грин, Наташа Хардинг пен Джессика Фишлок соқты. Бұл - Қазақстан құрамасының ресми кездесулердегі қатарынан 17-жеңілісі. Қазақстандық футболшылар 2018 жылдың 12 маусымында Босния және Герцеговина құрамасын (2:0) жеңгеннен бері жеңіске жете алмай келеді. Еліміздің бас командасының қазіргі іріктеу кезеңіндегі көрсеткішіне келетін болсақ, құрама жеті кездесу өткізіп, жетеуінде де жеңілді.