Путиннің Жириновскиймен қоштасқан сәтінен видео тарады

Путиннің Жириновскиймен қоштасқан сәтінен видео тарады

Путиннің Жириновскиймен қоштасқан сәтінен видео тарады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде Ресей Президенті Владимир Путиннің Владимир Жириновскиймен қоштасқан сәтінен видео тарады деп хабарлады turkystan.kz. Видеода Путиннің табытқа бір шоқ гүл қойып, марқұмның алдында шоқынғанын және басын иіп қоштасқанын көруге болады. РЛДП көшбасшысын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі «Дом Союзов» ғимаратында өтті. Еске сала кетсек, Владимир Жириновский коронавирус диагнозымен 9 ақпаннан бастап ауруханада жатты. 6 сәуір күні 76 жасында қайтыс болды. РЛДП басшысының міндетін уақытша Леонид Слуцкий атқарады.