Италияның премьері отставкаға кететінін мәлімдеді

Италияның премьері отставкаға кететінін мәлімдеді

Италияның премьері отставкаға кететінін мәлімдеді
ашық дереккөзі
Италияның Премьер-Министрі Маттео Ренци конституциялық референдумның нәтижесі бойынша отставкаға кетуге ниетті. Референдум барысында ол ұсынған реформа ел тұрғындары тарапынан қолдау таппады, деп хабарлайды Риа Новости агенттігі. «Ертең мен Министрлер кеңесін шақырамын, содан соң Квириналь сарайына барып, мемлекет басшысына отставкаға кету туралы өтініш беремін»,-деді Ренци референдумның қорытындысына байланысты өткен баспасөз-мәслихатында. Премьер референдумға қатысқан барлық Италия азаматтарына алғысын білдірді. «Жағдай қалай болған күнде де мен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Бірнеше минуттардан соң мен Киджи сарайынан тікелей эфирге шығамын»,-деді Ренци өзінің Twitterдегі микроблогында.