Ресей Байқоңырдан кете ме?

Ресей Байқоңырдан кете ме?

Ресей Байқоңырдан кете ме?
ашық дереккөзі
Алдағы күндері Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағы жөнінде келіссөздер өткізеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Оның айтуынша, 15-20 сәуір күндері ғарыш айлағының болашағы талқыланады.
«Уақыт бір орнында тұрмайды. Біз орманда тұрып жатқан жоқпыз. Сондықтан «Байқоңырдың» жағдайын талқылаймыз», - деді ол.
Келісімшарт бойынша Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» айлағын жалға алғаны үшін жыл сайын 100 млн доллар төлейді деген дерек бар.