50347
Заңнама талаптарын бұзған «KEGOC» АҚ-на 5 млн теңге айыппұл салынбақ
Заңнама талаптарын бұзған «KEGOC» АҚ-на 5 млн теңге айыппұл салынбақ

ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде «KEGOC» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді деп хабарлады turkystan.kz.
Тексеру қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған.
Нәтижесінде, «KEGOC» АҚ-на қатысты ӘҚБтК 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.
Бұл ретте әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, «KEGOC» АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.