«Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болады» – Ералы Тоғжанов

«Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болады» – Ералы Тоғжанов

«Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болады» – Ералы Тоғжанов
ашық дереккөзі

Бұл жайлы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгінде тәжірибесі және таңдаған мамандығына сұраныстың аздығынан жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектеліп отыр. Бұл мәселені өздеріңіз де көтеріп жүрсіздер. Бұған қоса Қазақстанда 129 мамандық жойылып барады, 95-і трансформациялануда, 239 жаңа мамандық пайда болады. Осыған орай, халықаралық тәжірибеге сәйкес жұмысқа тұрудың тиімді жолы ретінде Павлодар облысының 15 колледжі базасында Жаңа кәсіптер атласы әзірленіп, тәжірибеден өтті», - деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, соның нәтижесінде кадрларға қажеттіліктің 17 өңірлік картасы әзірленіп, қолданысқа енгізіледі. Сондай-ақ мектептерде 7-сыныптан бастап мамандық таңдауға баулитын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізіледі. Бұл жұмыстарға депутат Саясат Нұрбек жетекшілік ететін болады.

«Сонымен қатар колледждер жанынан студенттерге тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін 100 шағын кәсіпорын құрылмақ. Осындай тәсіл сәтті іске асқан Ақтөбе қаласындағы Экономика, бизнес және құқық колледжінің 188 студентінің 144-і оқуын оқи жүріп жұмысқа орналасты. Алғаш рет жоғары оқу орындарында студенттердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін 100-ден аса Карьералық орталық құрылады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Тағы оқи отырыңыз: Қатар әмірі Қазақстанға келеді