«Біз Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейміз» - Тоқаев

«Біз Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейміз» - Тоқаев

«Біз Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейміз» - Тоқаев
ашық дереккөзі
АҚШ-тың The National Interest журналында жарық көрген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласында Ресей-Украина арасындағы қарулы қақтығыс та сөз болды деп жазды turkystan.kz arasha.kz-ке сілтеме жасап. 
«Әлемдегі ең ұзын шекарасы бар елдер ретінде Қазақстан мен Ресей өзара ерекше қарым-қатынаста. Сондай-ақ біздің Украинамен терең де дәстүрлі достық қарым-қатынасымыз бар. Әлемнің көптеген елдері қатарлы біз Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейміз» деп жазылған мақалада.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасында соғыстың тез әрі әділ жағдайда БҰҰ жарғысына сай шешілетініне үміттенеді. Сондай-ақ өзінің Путинмен де, Зеленскиймен де байланыста отырғанын жазған.