Өзбекстан «Бессмертный полк» акциясынан бас тартады

Өзбекстан Ресейдің «Бессмертный полк» акциясынан бас тартуды ойластырып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Podrobno.uz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Өзбестанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының жетекшісі Алишер Кадыров мәлімдеді.

«Бұл акция – Кеңес Одағының саясатын насихаттаудың құралы, көрші елдің «жұмсақ күші». Біз мұндай шерулерге қарсымыз. Адамзаттың фашизмді жеңуіне өзбек халқы да өз үлесін қосты. Алайда Отан үшін қаза тапқан аталарымыздың фотосуреттерін көшеге алып шығып, бәзбіреулердің саяси құралына айналдырғымыз келмейді. Оның орнына ардагерлердің рухтарына, әруақтарына Құран бағыштағанымыз дұрыс», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button