50323
«Дикий Арманды» қамау мерзімі ұзартылды
«Дикий Арманды» қамау мерзімі ұзартылды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты», - делінген хабарламада.Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев мына баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған: - ҚК 287-бабы, 4-бөлігі («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»); - ҚК 272-бабы, 2-бөлігі («Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу); - ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы («Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу»).