Шри-Ланка астанасында 13 сағаттан бері жарық жоқ

Шри-Ланка астанасында 13 сағаттан бері жарық жоқ

Шри-Ланка астанасында 13 сағаттан бері жарық жоқ
ашық дереккөзі
Сәрсенбі күні кешке Шри-Ланкадағы энергетикалық дағдарысқа байланысты Коломбода жүздеген адам наразылық шеруін өткізіп, полициямен қақтығысқан деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Коломбода 13 сағаттан бері жарық жоқ.  Наразылық білдірушілер Президент Готабай Раджапаксаның үйінің алдына жиналып, плакаттар көтеріп, ұрандар айтты. Полиция наразылық білдірушілерді таратуға тырысты, содан кейін жиналғандар полицияға бөтелкелер мен тас лақтырды. Полиция шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ, таяқтар мен су атқыштарын қолданған. Шри-Ланка халқы азық-түлік пен қажетті заттар бағасының күрт көтерілуін, жанармай мен газ тапшылығын бастан өткерді. Өйткені ел тәуелсіздік алғаннан бергі ең нашар экономикалық құлдыраумен күресіп келеді.