Назарбаевқа ас әзірлеп, танымал болған аспаз тойында қонақтарға акуладан дәм татқызды (ВИДЕО)

Назарбаевқа ас әзірлеп, танымал болған аспаз тойында қонақтарға акуладан дәм татқызды (ВИДЕО)

Назарбаевқа ас әзірлеп, танымал болған аспаз тойында қонақтарға акуладан дәм татқызды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елбасына түскі ас дайындап, танымал болған атыраулық аспаз Бағдат Қадыров шаңырақ көтерді. Тойға жиналған қонақтардың алдына акуладан дайындалған дәм қойылды деп жазды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. Бағдат Қадыров үйлену тойына қызу дайындалып жүргені туралы Instagram-дағы парақшасына жазған. Ол бас аспаз болғандықтан, өз тойының дастарханына арналған мәзірді толық өзі әзірлеп, тағам дайындау процесін бақылауда ұстағанын алға тартады. Акуланы той қонақтарының алдына Бағдаттың аспаздық өнерде бірге жүрген әріптесі сән-салтанатпен алып шыққан. Теңіз балығы түрлі экзотикалық жемістермен бірге ұсынылған. Видеодан бұқтырылып пісірілген теңіз жануарын қонақтар жан-жақтан қаумалап, фотоға түсіргенін байқауға болады. Той қонақтарының арасында танымал өнер жұлдыздары да болған. Атап айтқанда, Нұржан Керменбаев, Әбдіжаппар Әлқожа, Қабдол, Әділет Жауғашар сынды әншілер бой көрсеткен.