Енелерді «дура» деген бейнежазба қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Енелерді «дура» деген бейнежазба қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Енелерді «дура» деген бейнежазба қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде енелерге «дура» деп қатты айтқан келіншектің сөзі қызу талқыға түсіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Ол келіндерге тиісуді қойып, күң етіп жұмсауды тоқтатуды талап етті.
«Келіннің айлығын, табысын, жәрдемақысын алып қоюды қойсаңдаршы. Оның да өзінің еңбегі, «хотелкалары» бар. Ол да бір нәрсе істеп, жинағысы келеді. 21 ғасырда ол сіздерге ақшасын алып қоя беретін күң емес қой. Келін бала өзінің өмірін өзі сүруі керек. Біз кезінде бүйткенбіз, сүйткенбіз деген әңгімені де қою керек. Сіз кезінде сондай «дура» болғаныңызға біздің қатысымыз жоқ. Келіндерді жайына жіберіңіздер», - деді ол.
Осы жазбаның астына көптеген ойлар айтылып, пікірлер жазылған. Соған қарағанда, жазбаны көпшілік қолдай қойған жоқ. Алайда авторды қолдайтындар да бар.