Дене екіге бөлініп қалған: Тобылда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Дене екіге бөлініп қалған: Тобылда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Дене екіге бөлініп қалған: Тобылда жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Адам айтса нанғысыз жол апаты Қостанай облысындағы Тобыл қаласында болды деп хабарлады turkystan.kz. Көшеде 3 көлік соқтығысып, жаяу кетіп бара жатқан адамды да соққан. Соның салдарынан 25 жастағы азаматтың денесі екіге бөлініп қалған. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицияның хабарлауынша, Hyundai Accent көлігін жүргізген 20 жастағы жігіт 56 жастағы азамат мінген Renault Logan автокөлігімен соқтығысқан. Осы кезде Skoda Yeti екі көліктің бірін соғып, қатты екпінмен тротуардағы жаяу адамды қаққан. Қатты соққыдан 25 жастағы жігіт қаза тапты. Дене екіге бөлініп қалған. Жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.