50758
Елордада белгісіз біреу сауда орталығына «бомба қойған»
Елордада белгісіз біреу сауда орталығына «бомба қойған»

Нұр-Сұлтан полициясы «Сарыарқа» сауда орталығында «бомба бар» деп жалған хабар таратқан ер адамды іздестіруде деп жазды turkystan.kz.
Бүгін түсте «Сарыарқа» сауда орталығының жұмыс нөміріне белгісіз ер адам қоңырау шалып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын айтқан. Сауда орталығының әкімшілігі дереу полиция қызметкерлерін шақырды.
«Оқиға орнына шұғыл қызметтер аттанды. Тексеріс барысында жарылғыш және өзге де күмәнді заттар табылған жоқ», – деп мәлімдеді қаланың Полиция департаменті.Ғимараттан 350 адам эвакуацияланған. Қазір бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша шығынды өтеу мен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.