«Аталған қылмыс дәріхананың бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбадан қылмыскердің қыздың құлағынан сырғасын тартып алып жатқанын көруге болады. Бірінші кезекте, сыртқы белгілері бойынша күдіктінің жеке сұлбасы құрастырылды. Бөлімше қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында сол күні К. есімді 49 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазір оның жеке басының бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деп мәлімдеді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдыретбаев.
Алматы қаласында 8 жастағы қызды тонаған күдікті қолға түсті

Алматы қаласында 8 жастағы қызды тонаған күдікті қолға түсті
Алматыдағы тонау фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп жазды turkystan.kz
Бұл ретте қыздың анасы полиция бөлімшесіне шағымданған. Оның айтуынша, 8 жасар қызы дәріханадан дәрі-дәрмек алуға барған кезінде белгісіз ер адам оның құлағындағы сырғасын жұлып алған.