Путинді қолдаған журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Путинді қолдаған журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Путинді қолдаған журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Полиция департаменті «Еуропа Плюс Қазақстан» радиостансасының бұрынғы қызметкері Любовь Пановаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады деп хабарлады turkystan.kz. Ол Facebook-те «Ресей ұзақ өмір сүрсін» деген  ұлтаралық араздық тудырған жазба қалдырып, басқа адамдармен сөзге келіп, «көп сөйлей берсеңдер, Вова көкемді көмекке шақырамын», «келімсектер», «Қаңтар оқиғасында сендерді кім қорғағанын ұмытып кетіпсіңдер» деп пікір қалдырған. Осыған байланысты желі қолданушылар Панова жұмыс істеген «Европа Плюс Казахстан» радиостансасына хабарласып, тиісті шара қолдануды өтінді. Бүгін аталған БАҚ қызметкерінің жұмыстан шығарылғаны хабарланды. Одан кейін Алматы қалалық Полиция департаменті Пановаға қатысты қылмыстық істің қозғалатынын мәлімдеді.
«Полиция департаментінің тергеу басқармасы аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеді. Қазір тиісті сараптама тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Тағы оқи отырыңыз: «Вова көкесін» іздеген журналистің баласы – қазақ