«Вова көкесін» іздеген журналистің баласы - қазақ

Кешеден бері әлеуметтік желіде аты шыққан «Европа Плюс Казахстан» радиостансасының бұрынғы қызметкері Любовь Панованың 3 баласының бірінің ұлты қазақ екені белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы журналист Жолымбет Мәкіш өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Ол Панованың қазаққа тұрмысқа шыққан бір әпкесі бар екенін, оның баласының қазақша сөйлейтінін, ал Любовьтың өзі 3 баланы тәрбиелеп отырғанын айтты.

«Оның баласының үлкені – ұл. Әкесі қазақ екен. Кейінгі екі қызының әкесі – орыс. Ұлының әкесі келіп-кетіп тұрады дейді. Ол Ксюша дейтін кенже қызын қазақ балабақшасына беріпті. Бір рет жұмысқа әкелгенде қызы бәрімен қазақша амандасып, қазақша сөйлесіп шығыпты. Қазір қай мектепте оқып жүргені белгісіз. Қазақ мектебіне берсе, онда ақылы бар екен. Қызын қазақ балабақшасына қазаққа тиген әпкесінің айтуымен берген-ау. Анығын білмеймін», – деді ол.

Содан кейін журналист Любовь Панованың кешегі мәлімдемелері оның қызмет сатысымен өспей қалып, ішінде бір қыжыл, айналаға бір ренішімен байланысы болуы мүмкін екенін айтты.

«Қысқасы, бізге идеологияны түзеп, жылдамдатып Ресей арналарын жаппаса болмайды. Бір халықты өстіп екіге бөліп қойып қарап отыру – қылмыс. Путинді кумир көріп, Любовь сияқты адасып жүргендер өз арамызда да жетеді. Оларды өзімізге тартып, өзімізше тәрбиелемесек, болашағымыз бұлыңғыр. Өйтпесек, жаңа Қазақстанды өлсек те құра алмаймыз!» – деп сөзін түйіндеді ол.

Тағы оқи отырыңыз: «Вова көкесін» іздеген журналист жұмысынан кетті

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button