Қазақстан есірткі қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасын алып тастамақ

Қазақстан есірткі қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасын алып тастамақ

Қазақстан есірткі қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасын алып тастамақ
ашық дереккөзі
Қазақстанда есірткі қолданғандар үшін жазаны жеңілдету жоспарланып жатыр. Есірткіні аз мөлшерде қолданатын және сақтайтын азаматтарды қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тарту идеясы ұсынылады деп хабарлады turkystan.kz ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановқа сілтеме жасап.
«Есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін жазаны жеңілдетуді көздейтін екі заң жобасы әзірленді. Есірткіні аз мөлшерде қолданатын және сақтайтын адамдар қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Әмірханов.
Сондай-ақ заң жобасы прекурсорлар мен есірткілік заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Ол қазіргі таңдағы ең қауіпті заттар – мефедрон, пировалерон және олардың аналогтары, синтетикалық каннабиноидтардың «қылмыстық» мөлшері бір граммға дейін заңды түрде төмендегенін атап өтті.