12 қойды талап өлтірген иттің иесіне айыппұл салынды

12 қойды талап өлтірген иттің иесіне айыппұл салынды

12 қойды талап өлтірген иттің иесіне айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Павлодар облысындағы Ақсу ауылдық округінде қойларды жайратып тастаған иттің иесі айыппұл арқалады деп жазды turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Ақсу қаласының полициясына Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесіне иттердің 12 қойды қырып тастағаны туралы хабарлама түскен. Оның  үшеуі – қой, тоғызы – қозы. Павлодар облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафиновтың айтуынша, оқиға 28 наурызға қараған түні болған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ветеринарлық қызметпен бірлесіп, 03.00-ден 04.00-ге дейінгі уақыт аралығында бөтен үш иттің ауыл тұрғынының қорасына кіріп, қойларды талағанын анықтады. Жануарлардың иесіне 400 мың теңге көлемінде залал келген.
«46 жастағы иесіне аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі («Жеке тұлғаның мүлкіне зиян келтірген иттерді серуендету ережелерін бұзу») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Сома 30 мың теңгеден асады. Хаттаманың көшірмесін алғаннан кейін зардап шеккен тарап келтірілген залалды өтеу үшін азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы», - деді Қуаныш Мұстафинов.