Жыл басынан бері 490 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды

Жыл басынан бері 490 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды

Жыл басынан бері 490 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды
ашық дереккөзі
Соңғы үш айда көпбалалы отбасыларға 54,4 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы берілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады деп жазды turkystan.kz. Биылғы қаңтар айынан бері елімізде орта есеппен 490 мың отбасы жәрмдемақымен қамтылған. Оның ішінде ақпанда 492,5 мың отбасы жалпы сомасы 27,3 млрд теңге жәрдемақы алды. Жәрдемақы 4 және одан да көп баласы бар кәмелет жасына толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан берілді. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып, әр балаға 12 252 теңгеден төленеді. Мәселен, 49 100 теңгені  – 4 баласы, 61 383 теңгені – 5 баласы, 73 666 теңгені – 6 баласы, 85 948 теңгені 7 баласы бар отбасы алады. Ал 8 балаға – 98 016 теңге, 9 балаға – 110 268 теңге, 10 балаға – 122 520 теңге, 11 балаға – 134 772 теңге, 12 балаға – 147 024 теңге, 13 балаға – 159 276 теңге, 14 балаға – 171 528 теңге, 15 балаға – 183 780 теңге, 16 балаға 196 032 теңге беріледі.