Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді

Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді

Ресейдегі InDriver қызметкерлері Қазақстанға көшіп келеді
ашық дереккөзі
InDriver халықаралық жолаушылар тасымалы сервисінде жұмыс істейтін қызметкерлердің негізгі бөлігі Қазақстанға көшіп келмек. Бұл жайлы Chocofamily Holding-тің негізін салушы әрі иесі Рамиль Мухоряпов хабарлады деп жазды turkystan.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап. Мұны InDriver-дің басшысы Арсен Томский де растаған. «Арсен Томскиймен кездестік. Ол команданың негізгі (шешуші) бөлігі Қазақстанға көшеді деген ақпаратты растады. Бұл - біздің еліміз үшін керемет жаңалық! Қонақтарды Алматыда қуанышпен күтіп алуымыз керек. Олар – Ресейдегі мықты адамдар. Енді олар Қазақстанда тұрып, осында салық төлейді, қаржы жұмсайды. Қазақстан тұрғындарына технологияны үйретеді» деп жазды Рамиль Мухоряпов әлеуметтік желіде. Тағы оқи отырыңыз: Қытайдағы ұшақ құлаған ауданда бірде-бір адамның мәйіті табылмады (ВИДЕО)