Мәди Ахметов болашақ өрт сөндірушілердің мәселесін көтерді

Мәди Ахметов болашақ өрт сөндірушілердің мәселесін көтерді

Мәди Ахметов болашақ өрт сөндірушілердің мәселесін көтерді
ашық дереккөзі
Мәжіліс депутаттарының аймақтардағы сапары одан әрі жалғасуда. Депутат Мәди Ахметов Көкшетау қаласындағы өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды даярлайтын Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды деп хабарлады turkystan.kz. М.Ахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде ғана емес, жалпы Орталық Азиядағы азаматтық қорғау органдарының офицерлерін дайындайтын академияның материалдық-техникалық базасы ескірген, мысалы, 570 курсантқа небәрі 30 компьютер ғана бар.
– Елордағы мектептердің спорт залы академияның спорт кешенін екі орап алады, салыстыруға келмейді. Соған қарамастан, амалдың жоқтығынан тар жерге тамаша болып күнделікті жатығуларын жүргізуде, – дейді депутат.
Сонымен қатар М.Ахметов академияның жатақханасы өз алдына бөлек мәселе екенін айтты.
– Қазір 300 адамға арналған жатақханада 450 курсант тұрып жатыр. Ал қалған 4-курс курсанттары қаладан пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Тозығы жеткен ғимараттың терезелерінен жел гуілдеп тұр. Курсанттарға душ қарастырылмаған, тек апта соңында монша. Өмір мен өлім арасында жүріп, тілсіз жаумен, табиғи апат салдарымен күресетін, бірінші болып көмекке келетін мамандардың тиісті деңгейде білім алып, қалыптасуына жағдай жасауымыз қажет, – деді.
Сондай-ақ депутат Төтенше жағдайлар министрлігі аталған мәселелер бойынша тиісті шараларды қабылдауға тырысып жатқанына тоқталып, мәселені Үкімет алдында көтеретінін айтты. Тағы оқи отырыңыз: Премьер-министр бірнеше облыс әкіміне ескерту жасады