Құлыбаев пен Боранбаевқа қарсы іс қозғалды

Құлыбаев пен Боранбаевқа қарсы іс қозғалды

Құлыбаев пен Боранбаевқа қарсы іс қозғалды
ашық дереккөзі
Молдова Республикасының прокуратурасы Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаевты бопсалау бойынша айыптап, жауап алу үшін ресми сауал жолдаған деп хабарлады turkystan.kz. Журналист Михаил Козачковтың Telegram арнасында жариялаған құжатқа сәйкес, Құлыбаев пен Боранбаев Молдова Конституциясының 189-бап, 6-бөлімі бойынша айыпталуда. Молдова заңында 189-бап 6-бөлімі бопсалау бойынша айыпталған адам 13 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. «Қазақстан Республикасының азаматы Құлыбаев Тимур Асқарұлы № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 6-бойынша (бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 07.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті», - делінген құжатта. Дәл осындай шақырту Қайрат Боранбаевтың атына да жіберілген. «Қазақстан Республикасының азаматы Боранбаев Қайрат № 2021670123 қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі жүргізуге байланысты қылмыстық кодекстің 189-бабы 6-бойынша (бопсалау) ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураның басқаруына 03.02.2022 ж. сағат 10:00-да сіз ұйымдасқан қылмысқа және ерекше істерге қарсы прокуратураға адвокатпен, күдікті ретінде жауап алу үшін келуіңіз керек. Келу міндетті», - делінген құжатта. Прокурор Денис Поятэнің айтуынша, 189-баптың 6-бөлігі «бопсалау» бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған қазақстандықтардың кейбірі жауап беруге келмеген. Солардың ішіндегі Құлыбаев пен Боранбаев жауап беруге барғаны-бармағаны белгісіз. Қылмыстық іс 2021 жылдың тамыз айында қозғалған. Тағы оқи отырыңыз: Мемлекетке Құлыбаевтың заңсыз алған жері қайтарылды