Қазақ сайттарына шабуыл жасалды

Қазақ сайттарына шабуыл жасалды

Қазақ сайттарына шабуыл жасалды
ашық дереккөзі
«Казахстанская правда» газетінің веб-сайтына кибер шабуыл жасалды деп хабарлады turkystan.kz осы баслымының журналисі Зарина Москауға сілтеме жасап. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында айтты.
«Хакерлер «Казахстанская правда» газетінің сайтына шабуыл жасады. Біздің материалдар мен жаңалықтардың орнына, міне, мынадай сурет шығып тұр (фото). Тиісті шаралар жасалып жатыр», - деді ол.
Соңынан ол комментарийлердің бірінде сайттың жұмысының қалпына келгенін хабарлады. Осы мәселеге байланысты біз turkystan.kz сайтының техникалық қолдау қызметкері Жұмабек Айқынұлына хабарласқанымызда, ол жағдайды былай түсіндірді:
«Құрметті әріптестер! Кеше «Казахстанская правда», «Айқын» газеттері мен «Қазақпарат» агенттігінің сайттары уақытша істемей қалды. Ресейліктер Redtram деген украиналық компанияға шабуыл жасаған. Тексеру кезінде Redtram-ның ақпараттық сайттарға трафик алмасуға арналған информердің скрипт кодынан қателік туындағанын білдік. Қазіргі уақытта Redtram-ның өз күйін қайта қалпына келтіргенін байқадық. Бірақ қазақ сайттары үшін енді Redtram мен Lentainform сияқты аудитория алмасу жүйесінен зияннан басқа келер пайданы көріп тұрған жоқпын».
 width=