«Дағдарысты жеңудің жолдары бар» - Тоқаев

«Дағдарысты жеңудің жолдары бар» - Тоқаев

«Дағдарысты жеңудің жолдары бар» - Тоқаев
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында дағдарысты жеңудің жолдарын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Ол елімізде дағдарысты жеңетін қажетті резерв пен тетіктердің бар екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Тоқаев Үкіметке шұғыл арада дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың пакетін ұсынуды тапсырды.
«Қазір Қазақстан геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты қаржылық-экономикалық қиындықтарға ұрынды. Санкциялық текетірестің кері әсері де тиіп жатыр. Ол жекелеген елдерге ғана емес, бүкіл әлемдік экономикаға әсер етуде. Жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр деуге болады», - деді Мемлекет басшысы.
Осы ретте Тоқаев біздің елге байбалам салуға болмайтынын ескертті.
«Елімізде дағдарысты жеңудің жолдары бар. Үкімет шұғыл арада дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың пакетін ұсынуы керек. Бәрінен бұрын ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек», - деді Президент.