«Өлім жазасын түпкілікті жою үшін Конституцияға өзгеріс енгізу керек» – Президент

«Өлім жазасын түпкілікті жою үшін Конституцияға өзгеріс енгізу керек» – Президент

«Өлім жазасын түпкілікті жою үшін Конституцияға өзгеріс енгізу керек» – Президент
ашық дереккөзі
Елімізде өлім жазасын жою шешімін түпкілікті бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты деп жазды turkystan.kz.
«Менің азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға ерекше назар аударатынымды білесіздер. 2020 жылы біздің еліміз өлім жазасының күшін жоюды көздейтін азаматтық-саяси құқықтар туралы екінші факультативті хаттамаға қосылды. Өткен жылы мен осы саланы ұзақ мерзімді және кешенді дамытуға бағытталған Адам құқықтары саласындағы әрі қарайғы шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қатысуымен басқа да бірқатар прогрессивті бастамалар іске асырылды. Алайда құқық қорғау проблематикасы үнемі жетілдіруді талап етеді. Өлім жазасын жою туралы шешімді түпкілікті бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу керек деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.