Шымкент тұрғыны қошқарды 47 рет көтерді (ВИДЕО)

Шымкент тұрғыны қошқарды 47 рет көтерді (ВИДЕО)

Шымкент тұрғыны қошқарды 47 рет көтерді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шымкент тұрғындары Ұлыстың ұлы күніне орай, «Қошқар Ата сейілі» атты көктем мерекесін тойлады деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Қошқар Ата өзені маңына жиналғандар қазақтың мерекелік бағдарламаларымен қоса, қошқар көтерген палуандардың сайысын тамашалады. Білек күшінің қаншалықты мықты екенін сынға алатын сайысқа қатысқан ер жігіттер дүйім жұртты таңқалдырды. 45 келілік қошқарды желкесіне салып көтергендер аз болмады. Оза шапқан Көкбұлақ мәдениет үйінің әдіскері болды. Ол қамбар ата төлін 47 рет көтеріп, қарсыластарын шаң қаптырды. Жеңімпаз сол көтерген малын сыйлыққа алды.