Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

«Біз Украинаға басып кірген жоқпыз» - Лавров (ВИДЕО)

Түркияның Анталия қаласында Украина, Түркия және Ресей елдері сыртқы істер министрлерінің келіссөзі аяқталды деп хабарлады turkystan.kz.

Министрлер  Украинадағы соғысқа әрқайсысы өз тараптарынан баға беруге күш салды. Бірақ одан нәтиже шықпады. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның айтуынша, Лавровпен келіссөз өте қиын болды.

«Біз Ресейге өз талаптарымызды айттық. Олар ешқандай келісімге келмеді. Уақытша бітімге де келісе алмадық. Ресейдің талаптарын орындаудан бас тарттық», – деді ол.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та келіссөздердің нәтижесіз аяқталғанын, Украинаның талаптарын орындамайтындарын айтты. Ол кездесуден кейін болған баспасөз мәслихатында осы мәселеге кеңірек тоқталды.

«Біз Украинамен келісе алмадық. Ресей басқа мемлекеттерге көз тігіп отырған жоқ. Біз Украинаға да басып кірген жоқпыз», – деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Бұл кездесу Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың өтінішімен 10 наурызда Анталияда ашылатын дипломатиялық форумның шеңберінде өтті. Кездесу 1,5 сағат қана болды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button