Жаңа әдеби сыйлық. Ол қандай?

Жаңа әдеби сыйлық. Ол қандай?

Жаңа әдеби сыйлық. Ол қандай?
ашық дереккөзі
Қазіргі Қазақстан туралы үз­дік роман үшін жыл сайын бе­рі­летін mecenat.kz әдеби сыйлығы – Қазақстан азаматтарының, ел пат­риоттарының және кәсіпқой әдебиетшілер тобының тәуелсіз жобасы. Байқауды оның құрыл­тай­шы­сы Ерлан Асқарбеков Павел Банников пен Бақытжан Қана­пья­нов­тың сарапшы ретінде қа­тысуы­мен mecenat.kz сайтында ұйым­дастырды және жыл сайын жеңім­пазды анықтау осы сайтта жүр­гізіледі. Бірінші орынға бір ғана шығарма жүлдегер болады. Бұдан әрі меценат жеңімпаздың қазіргі Қа­зақ­стан туралы үздік роман үшін өмір бойы рента алуын қамтамасыз ете­тін өкілдерімен өзі шарт жасасады. Байқауға қатысуға мүмкіндік алатын Қазақстан туралы ро­ман сюжеті 1900 жылдан бастап қа­зірге дейінгі кезеңді қамтуы тиіс. Егер роман тарихи бағытта болса, онда бұл жағдайда жазушының туын­дысына тарихи мұрағаттар ар­қау болады. Осы кезеңдегі қазақ­стан­дықтардың тұтас ұрпақтары­ның идеяларына әсер еткен ірі әдеби шығармалар саусақпен санарлық. Бұл туралы толығырақ сыйлықтың сайтынан білуге болады, ол үшін Қа­зақстан Жазушылар одағы бас­қар­масының жауапты хатшысы, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері Бақытжан Қанапьянов пен ақын, редактор Павел Банников әлеуетті авторлар үшін Қазақ­стан­ның қазақ және орыс тіліндегі әде­бие­ті туралы, қазақстандық автор­лар­дың шығармашылығының тари­хы мен дамуы туралы мәтіндер мен бейнежазбалар дайындады. Қазылар ал­қасына пара беруге немесе осы бай­­қауда жеңіске жету туралы ке­лісу­ге болатын шығар? Жеңімпаздың жеңіс­­­ке адал жеткеніне қалай кепіл бо­­ласыздар? Сыйлықтың қағида- ты – шешім қабылдау процесінің мей­лінше объективтілігі мен де­мок­ратиялылығы, жақсы қорғалған веб-сайт. Қолжазбаларға қазақстан­дық оқырмандар тікелей дауыс бере­ді. Өздерінің шын есімдерімен тір­келіп, барлық жұмыспен он­лайн таныса отырып, олар жобаның сай­тындағы қатысушылардың жұ­мы­сына баға береді. Барлық қазақ­стан­дық оқырман бола алады. Сайт­қа кірушілер тіркелу кезінде «Оқырман» және «Қатысушы» мәр­те­белерінің бірін таңдай алады. Бай­қауға қатысушылар дауыс бере ал­майды. Дауыс беру онлайн өтеді. Тір­келушілерге жобаның сайтында дауыс беруші оқырманның жеке ба­сын растау үшін sms-код келеді, сайт­та Пайдаланушы келісіміне жә­не туындыны жариялауға арналған Жа­рия офертаға сәйкес дауыс беру­ші оқырмандар да, қатысушы да өз деректерін қалдырады. Сыйлыққа ие болу үшін бай­қау­ға қатысуға Қазақстан аза­­­маттары авторлардың шығар­ма­­лары қабылданады. Ұйымдастыру ко­митетінің мүшелері байқауға қа­тысуға құқылы емес. Дауыс беретін оқыр­мандардың толық аты-жөндері тіркеу кезінде дауыс берудің ашық­ты­ғын қамтамасыз ету үшін келіскен дауыс берушілердің рұқсатымен оқыр­мандардың дауыс беру қоры­тын­дысы бойынша Сайтта тізім тү­­­­рі­нде жарияланады. Байқау схемасы мынадай: 10 сәуір­ге дейін, 150 күн бойы mecenat.kz сайтында жазушылардың шығармалары мен өтінімдері қа­был­данады. Шығармаларды қа­тысу­шы­лар жоба серверіне Microsoft Word фор­матындағы бір файлмен жүк­­тей­ді. Конкурсқа қатысушы өз өтіні­мі­нің дұрыс рәсімделуіне, ин­тер­­нет­тің жылдамдығына, ком­пью­тердің болуына, бағ­дар­ламалық қамтама­сыз етуді пайдалана білуіне өзі жауап­ты болады. 10 сәуірде ридерлер оқу жұмы­сына кіріседі және бастапқыда бай­қау туралы ережеге қайшы келе­тін өтінімдерді бөлек шығарады. 15 сәуірде жазушылардың ри­дер­­лер мақұлдаған барлық жұмыс­ы оқырмандардың дауыс беруін бас­тау үшін mecenat.kz сайтында көп­шілік назарына ұсынады. 17 ма­мырда меценат байқауда жеңіске жет­кен жазушымен тікелей өмір бой­ғы рента шартын жасасады. Сыйлыққа қаражатты меценат өзінің жеке қаржысынан бө­леді, mecenat.kz сайтында 500-ден ас­там байқау жұмыстары жинақ­тал­ған жағдайда оның жеке басы көп­ші­лікке және әдеби сыншыларға жа­рия етілетін болады. Жобаны ұйымдастырушылар да, меценаттың өзі де қа­зақ­стандық мәдениетті дамыту идея­­сын қолдаған адамның имид­жі­не паблисити жасауды міндет ет­пейді. Меценат өкілдерінің сый­лық алушының атына рәсімдеген рен­тасы және сыйлықты ұйым­дас­тыру­шылар комитеті мүшелерінің жеке кепілгерлігі жеңімпаздың өмір бойы зейнетақы алуына кепіл бо­лады. Сыйлықтың құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков жоба идея­сымен 2003 жылдан бері айналысып келеді. Жеңімпаз қайтыс болғаннан кейін лауреаттарға өмір бойы зей­не­тақы төлеу автоматты түрде тоқ­та­тылады және мұрагерлікке беріл­мейді. Сыйлық берілгеннен кейінгі жұ­мыстың тағдыры автор­дың қолында. Жеңімпаз туындының орыс тіліне (егер ол қазақ тілінде жа­зылған болса) немесе қазақ тіліне (егер ол орыс тілінде жазылған бол­са) аударылған бірінші нұсқаларын қабылдайды, авторлық құқықтар бойынша шеберлік сыныбына қа­ты­сады. Лауреат байқауға тек бір рет қа­тыса алады. Әрі қарай жеңім­паз тек сайттағы оқырман мәр­­­тебесін таңдауға және байқауға ұсы­нылған жаңа жұмыстар үшін дауыс беруге қатысуға құқылы. Қатысушылар шексіз өтініш бере алады, бірақ жыл сайын бір ғана ең үздік жұмысын ұсына ала­ды. Егер сіздің әлі еш жерде жа­рия­­ланбаған көптеген жазбаша жұ­мыстарыңыз болса, оларды келесі бай­қаудың жариялануын күтіп, кезек­пен ұсынуыңызға болады. Байқауға қатысатын роман сюжеті 1900 жылдан бастап қа­зірге дейінгі кезеңді, осы кезеңдегі кез келген мерзімге созылған уа­қыт­ты қамтуға тиіс. Классикалық үлгідегі роман қазіргі әдебиет болмысының әлеу­меттік маңызды нысаны бол­ғандықтан, ірі прозалық шығарма нысанына артықшылық беріледі. Сіз кез келген туындыны (балаларға, жа­сөспірімдерге, ересектерге ар­нал­ған өлең түрінде, тарихи, фантас­ти­калық және тағы басқа) жаза ала­сыз, ол жоба серверіне бір файл­мен жүктеліп, шығарма мәтінінің ұзындығына шектеу қойылмауға тиіс. Романдар мен повестердің қолжазбалары (көлемі 80 бет­тен кем емес, Microsoft Word фор­ма­тындағы) рецензияланбайды жә­не қайтарылмайды, оларды өті­ніш беруші тікелей серверге жүк­тей­ді, содан соң модерациядан кейін дауыс беру басталатын күні сайтқа автоматты түрде орналастырылады. 2021 жылғы 15 мамырда сыйлық жеңім­пазын жариялаған күні, mecenat.kz сайтындағы барлық байқау шығармалары жойылады. Жаңа өтінімдер кезекті жыл сайын­ғы байқау басталған күннен бастап қаралады және сайтқа жүктеледі. Өті­німдер жоба серверінде тек бай­қау кезеңінде сақталады, содан кейін жойылады. Шығармалардың кейінгі тағ­дыры толықтай автордың қолында. Жеңімпаз-автор туралы ақ­парат болашақ жеңімпаздар тура­лы бетте жарияланады, онымен бар­лық ниет білдірген баспагерлер мен оқырмандар кез келген уақытта он­лайн режимінде еркін таныса ала­ды. Сыйлық жобасы коммерция­лық емес. Жобаны ұйымдас­тыру­­­­шылар қолжазбаларды рецен­зия­ламайды және авторларға қай­тар­майды. Жеңімпаз жарияланған­нан кейін ол үшін авторлық құқық ту­ра­лы дәріс ұйымдастырылады. Сайт­­тағы пайдаланушы келісімінде оқыр­мандар қатысушылардың көп­шілікке жария етілген туындыларын таратпау шартымен келіседі. Қа­тысу­шылар тіркелу кезінде біздің ри­дерлерге өзінің туындысын беру тура­лы жария офертамен келіседі, оны­мен модерациядан кейін таны­суға және оқырмандардың дауыс беруіне ұсынуға болады. Қазір интернетте чат, форум, мес­сенджерлер, түрлі әлеу­мет­тік желілер, өзіндік жария­ла­ным­дар сайттары, электронды бас­па­лар және онлайн журналдар, он­лайн порталдар және басқа да көп­теген ресурс бар екені белгілі. Біз мұ­ның бәріне кітапхана тұрғысынан қа­раймыз. Кітапханалар туын­ды­лар­ды ISBN немесе ISSN деп бөледі. Егер сіз романыңыз қағаз немесе элект­ронды журналда жарияланған болса, бұл жұмыс конкурсқа ұсы­­ныл­майды, ол ISSN болып са­налады. Дауыс беруші және кездейсоқ оқыр­мандар тарапынан түр­лі келеңсіздіктер болмас үшін шы­ғармалар авторларының аты-жө­ні жасырылады. Егер сәтсіз шыққан бірлі-жарымды сөйлемдері үшін ойы таяз, теріс пиғылды оқырмандар ав­торларды күлкіге айналдыратын бол­са, авторлар үшін бұл ауыр соқ­қы болуы мүмкін. Кейбір адам­дар­дың жаны тез жараланады, олар бүр­­кеншік ат жамылған ақымақ адам­дардың ауыр сөздерін, тұрпайы әзіл­дерін, жағымсыз пікірлерін кө­тере алмауы мүмкін. Біреулері тіпті ай­тылғандарды терең қабылдап, ауырып қалуы да мүмкін. Озық шық­қан 20 немесе 30 жүйрікті ең та­нымал романдар баспагерлерге жә­не продюсерлерге мақсатты түрде та­ныстырылады. Ал қалған автор­лар­ды тобырдың талқысынан қор­ғалады. Саяси роман жазуға да болады. Бірақ Қазақстан Президентін сөз етуге, күш қолдануға, Үкіметті құ­латуға шақыруға болмайды. Әйт­пе­се, жұмыс дауыс беруге жіберіл­мей­ді. Яғни, саясатты мәдени түрде жет­кізілуге тиіс – елірме сөзге, экст­ре­мизмге, жағымсыз эмоцияларға бой алдырмай, ойланып жазған дұрыс.

Дайындаған Ахмет Жұмағалиұлы