Орыстар «Нива» мен «Приорасыз» қалды: Lada зауыттарын тоқтатады

Орыстар «Нива» мен «Приорасыз» қалды: Lada зауыттарын тоқтатады

Орыстар «Нива» мен «Приорасыз» қалды: Lada зауыттарын тоқтатады
ашық дереккөзі
Lada бөлшектердің тапшылығына байланысты өндіріс жұмыстарын тоқтатып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Батыстың Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейге салған санкциялары әсер ете бастады. Осылайша, елдегі ең ірі автоөндірушілердің бірі Lada құрамдас бөліктерінің жетіспеушілігіне байланысты өндірісті тоқтатуға мәжбүр. Бұл туралы The wall street journal басылымы жазды. Онда АвтоВАЗдың француздық Renault SA концерніне тиесілі екені және оның Тольяттидегі зауыты жеке бөлшектер мен агрегаттарды шығару үшін румындық өндірісті пайдаланатыны баяндалған.
«Осы мәселемен таныс адамдардың айтуынша, АвтоВАЗ бөлшектерінің 20%-дан астамы – қосқыштардан бастап, негізгі электроникаға дейін Ресейден тыс жерлерден жеткізіледі» деп жазылған журналда.
Тапшылыққа байланысты зауыт 11 наурызға дейін жұмысын тоқтатады. Ал егер Ресей Renault-тың қолдауынсыз өндірісті қайта бастағысы келсе, бұл үшін бірнеше айлар, тіпті жылдар қажет болуы мүмкін. Тағы оқи отырыңыз: «Перзентханаға шабуыл жасалды» – Украина Президенті (ВИДЕО)