Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» бірлескен мәлімдеме жасады

Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» бірлескен мәлімдеме жасады

Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» бірлескен мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен бірлесіп, теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады деп жазды turkystan.kz. Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурызда астана уақыты бойынша сағат 15.00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі. Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды. Теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады.