Байден Ресейден мұнай тасымалдауға шектеу қойды

Байден Ресейден мұнай тасымалдауға шектеу қойды

Байден Ресейден мұнай тасымалдауға шектеу қойды
ашық дереккөзі
АҚШ Президенті Джо Байден Ресейден мұнай тасымалдауға шектеу қойылғанын мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. Оның айтуынша, бұл қадам американдықтардың Ресей Президенті Владимир Путиннің басшылығына тағы бір күшті соққы жасағанын білдіреді.
«Ресейден мұнай, газ және көмір тасымалдауға шектеу қойылды. Біз Путин бастаған соғысқа субсидия бермейміз. Осыдан соң елімізде газдың бағасы қымбаттар, бірақ бұл бостандықтың құны болмақ», –  деді Джо Байден.
Сондай-ақ ол Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинаны басып алуға дәрмені жетпейтінін жеткізді.
«Владимир Путин ешқашан Украинаны басып ала алмайды. Бір қаланы басып алғанымен, оның бір елді түгел басып алуы мүмкін емес», - деді АҚШ Президенті.
Бұл хабарландырудан кейін АҚШ-та мұнай бағасы көтерілді. Brent маркалы мұнай бағасы 5 пайызға қымбаттады. Енді оның бір баррелі 130 доллардан саудаланып жатыр. Оған қоса Ұлыбритания билігі де Ресейден мұнай импорттауға тыйым салмақ.