Әкімдер енді халықпен тұрақты кездесіп тұрады

Әкімдер енді халықпен тұрақты кездесіп тұрады

Әкімдер енді халықпен тұрақты кездесіп тұрады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатты Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі әзірледі деп хабарлады turkystan.kz. Жарлықта барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты кездесулер өткізуі міндеттелді. Сонымен қатар әкімдердің ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктерге шығуының ең аз санын белгілей отырып, халықпен тұрақты кездесулер күнтізбесіне көшуі көрініс тапты. Сондай-ақ кездесуді өткізу регламенті бекітілді. Кездесудің ¼ бөлігі өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаманы таныстыруға арналған. Ал баяндаманың ¾ бөлігі «сұрақ-жауап» форматында өткізіледі.