«Үшінші дүниежүзілік соғыс тек ядролық болуы мүмкін» – Лавров

«Үшінші дүниежүзілік соғыс тек ядролық болуы мүмкін» – Лавров

«Үшінші дүниежүзілік соғыс тек ядролық болуы мүмкін» – Лавров
ашық дереккөзі
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресейлік және шетелдік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ядролық соғыс ресейліктердің емес, батыс елдерінің ойында екенін айтты деп жазды turkystan.kz.
«Үшінші дүниежүзілік соғыс тек ядролық болуы мүмкін екенін бәрі түсінеді. Бірақ мен сіздердің назарларыңызды ядролық соғыс орыстардың емес, батыстық саясаткерлердің көкейінде жүргеніне аударамын. Бұл арандатушылықтың бізді теңгерімсіздікке ұшыратуына жол бермейміз. Егер бізге қарсы нағыз соғыс басталса, онда мұндай жоспарларды құрғандар ең алдымен ойлануы керек. Олар жеңіледі», - деді Сергей Лавров.
Министрдің айтуынша, Ресей Федерациясының әскери доктринасында ядролық қаруды қолданудың шарттары жазылған. Сондықтан соғыс оты өршитіндей (деэскалация) шиеленіс жоқ.
«Бізде ядролық қаруды қолданудың параметрлері мен шарттарын сипаттайтын әскери доктрина бар. Батыс сарапшылары бізді айыптауға тырысып жатыр. Деэскалация үшін бізде ешқандай шиеленіс жоқ. Бірақ қазір ядролық соғыс туралы әңгіме жүріп жатыр. Мен сізден жасалған мәлімдемелерге және осы мәлімдемелерді жасайтын кейіпкерлерге мұқият қарауыңызды сұраймын», - деді Ресей Сыртқы істер министрі.