«Жабайысыңдар ма?»: Павлодар әкімі немістерден ұрыс естігенін айтты

«Жабайысыңдар ма?»: Павлодар әкімі немістерден ұрыс естігенін айтты

«Жабайысыңдар ма?»: Павлодар әкімі немістерден ұрыс естігенін айтты
ашық дереккөзі
Халық алдындағы есептік кездесуі кезінде Павлодар әкімі Асайын Байханов қоқыс шығару мәселесі мен тұрғындар мәдениетін тілге тиек етті деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Кездесу барысында Равиль есімді Жаңаауыл тұрғыны Ертіс бойының барынша ластанғанын, сол үшін контейнерлер орнатуды өтінді.
«Солай-ақ болсын, бірақ оны кім шығарып отырады? Бізде контейнерлердің көбі өртенетінін білесіз бе? Әсіресе, жер үй тұрғындары контейнерге көмірден қалған күлді төгеді. Жұқа металл оған шыдамайды. Бүкіл әлемде қоқыс бактарын қайта өңделген пластиктен жасайды, бізде ондай істеу мүмкін емес. Бір айға жетпей жанып кетеді. Сол себепті, әкімдік қымбатқа металл контейнерлерді сатып алуға мәжбүр», - деді Асайын Байханов.
Қала әкімі осыған орай қоқыс мәселесі төңірегінде басынан өткен оқиғамен бөлісті.
«Германияда оқып жүрген кезіміз. Бірнеше жігіт көшеге шықтық. Арамыздағы біреуіміз шылым тұқылын жерге тастай салсақ керек, дереу Франкфурттың бірнеше тұрғыны қасымызға жетіп келді. «Жабайысыңдар ма? Қайдан келдіңдер?» деп ұялтты. Бұл оқиға өмір-бақи есімде қалыпты. Енді маған біреудің осындай зіркілдеп ұрысқанын қаламаймын», - деді әкім.
Шаһар басшысының айтуынша, қала бюджеті немесе әкімдік күшімен қаланы таза ұстап тұру мүмкін емес. Оған барлық тұрғындар атсалысуы тиіс. Тағы оқи отырыңыз: «Қазақ қыздарын мазақ етті»: Ақтаудағы мүсіндердің кескіні адам шошырлық