Мәжіліс депутаты теңгелік депозитке сыйақы төлеуге қарсы шықты

Мәжіліс депутаты теңгелік депозитке сыйақы төлеуге қарсы шықты

Мәжіліс депутаты теңгелік депозитке сыйақы төлеуге қарсы шықты
ашық дереккөзі
Депутат Аманжан Жамалов қазақстандықтардың теңгелік депозиттеріне төленетін 10 пайыздық мемлекеттік сыйлықақыны алып тастау туралы ұсынысынан кейін банктердің мүддесін қолдаушылар тарапынан сынға ұшырады деп хабарлады turkystan.kz.
«Депозиттерді өтеу туралы шешім азаматтардың мүдделерінен емес, тегін олжа саналатын қосымша 700-800 млрд айналым қаражатын алатын банктердің мүддесінен туындап отыр. Осы қаражатты олар Қазақстан бизнесі мен халқына тонаушылық пайызбен таратады немесе 13,5%-бен Ұлттық Банктің ноталарына салады. Бұл ақшаны олар бюджеттен, салық төлеушілердің есебінен алатынын ерекше атап өткім келеді. Ал бюджет ақшасы - бірінші кезекте халықтың ақшасы» деп жазды Аманжан Жамалов Facebook-тегі парақшасына.
Ол алдымен кімге әрі нені өтегіміз келетінін түсінуіміз керек деген пікірде.
«Өтелуге жататын депозиттер бойынша жоғарғы шек 20 млн теңгеден басталады. Яғни, әңгіме мүлде кедей емес адамдар туралы болып отыр. Бұл ақылдысымақтар не үшін бюджет ақшасын бай адамдарды қолдауға жұмсау керек екенін түсіндірсін. Кез келген девальвацияның негізгі жағымсыз тұсы - бағаның өсуі. Бұл - іс жүзінде кедейлерге салынатын салық. Әрі егер кімде-кім мемлекеттен өтемақы алуы тиіс болса, бұл - кірісі төмен отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер. Сондықтан да әлеуметтік төлемдерді – зейнетақыларды, жәрдемақыларды, атаулы көмекті индекстеу қажет», - деді депутат.
Ол өз ұсынысына қарсы болғандардың өзге өзекті мәселеде үн қатпай отырғанына ашынды.
«Банктерге келетін болсақ, олар - елде болып жатқан қаржылық сұмдыққа тікелей қатысушылар. Банктер халыққа қос таңбалы пайызбен асыра кредит беріп тастаған. Олар валюта нарығындағы бағамды шайқап отыр. Банктер бюджеттен субсидия алып, Ұлттық Банктің ноталарынан қосымша табыс тауып отыр. Экономикаға кредит бермейді. Бәлкім, қазір банктер елдегі ең ерекше жағдайда шығар. Ал бүкіл ел олардың алдында тіпті камасутрада көзделмеген қалыпта тұрғандай», - деді Аманжан Жамалов.
Тағы оқи отырыңыз: Теңгелік депозиті бар қазақстандықтарға Үкімет тарапынан сыйақы төленеді