50217
ҚТЖ, «Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр
ҚТЖ, «Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК басшылығына қатысты жеке компаниялардан пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша тергеу жүргізуде деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекетке аса ірі мөлшерде 3,8 млрд теңге сомасында залал келтірілді.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.