50299
Шеге жұтып, ауыздарын тіккен: Түркістанда жазасын өтеушілер араша сұрады
Шеге жұтып, ауыздарын тіккен: Түркістанда жазасын өтеушілер араша сұрады
Түркістан облысында сотталушылар шеге жұтып, өз ауыздарын тігіп тастады. Жазасын өтеушілер оларды ұрып-соғып, «жазалаймын» деп қорқытатынын мәлімдеді. Жағдайға қатысты Шымкент қаласы және Түркістан облысының ҚАЖД пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, сотталушылар видео түсіріп, оны туыстарына жіберген. Ал туыстары материалдарды БАҚ-қа берген. Кадрларда кейбір сотталушылар денсаулығының нашарлағанына, медициналық көмектің жоқтығына шағымданып, соққы іздерін көрсеткені бейнеленген.
«Мені ұрып, бетіме соққы жұмсады. Міне, осындай көгерген іздері қалды. Кешке мен қасық жұтып қойдым, ол асқазанымда жатыр. Аштық жариялау үшін өзімнің аузымды тігіп тастадым. Бірақ олар күштеп жіптерді алды. Мен шара қолдануды сұраймын», - дейді сотталғандардың бірі.Шымкент қаласы және Түркістан облысының ҚАЖД өзін-өзі жарақаттау фактісін растап, сотталғандарға медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті. Ота көмегімен құрсақ қуысынан бөгде заттар шығарылған. Алдын ала деректер бойынша, тұтқындар мекемедегі режимді бұзғаны үшін жазадан құтылу мақсатында қасақана наразылық акциясын ұйымдастырған. Бұл адамдар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.
«Аталған сотталушылардың тәртібінің теріс дәрежесі бар. Жедел жағдайды тұрақсыздандыру және мекеме әкімшілігіне қысым көрсету мақсатында мұндай әрекеттерді бірнеше мәрте жасағанын айта кету керек», - деді ҚАЖД бастығының орынбасары Бағдат Әсілбеков.Оның айтуынша, оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған. Сотталушылардың шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ колонияға қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері де келіп, әңгімелесу нәтижесі бойынша сотталғандар тарапынан мекеме әкімшілігіне арыз-шағымы болмағаны туралы қорытынды жасаған.